Таеквондодан Италиядағы Гран-при турниріне қатысатын қазақстандықтар анықталды
5 маусымда Италияның Рим қаласында таеквондодан Гран-при турнирі басталады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталған бәсекеге Қазақстан құрамасының таеквондошылары да қатысады. Ұлттық құраманың тізімі төменде көрсетілген.
49 келіге дейін: Айдана Құмартаева, Нодира Ахмедова
57 келіге дейін: Мария Севостьянова
58 келіге дейін: Тамирлан Тілеулес
68 келіге дейін: Самирхон Абабакиров
80 келіге дейін: Батырхан Төлеуғали, Бекасыл Ергеш
80 келіден жоғары: Бейбарыс Қаблан
Айта кетейік, Гран-при турнирі 7 маусымға дейін жалғасады.