Таеквондошы Эльдар Бірімбай Моңғолиядағы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасы таеквондодан Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында екінші жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Эльдар Бірімбай қола медаль иеленді.
Азия чемпионатының жартылай финалында Бірімбай ирандық Әмір Бахтияримен кездесті. Иран өкілі жекпе-жекте 2:0 есебімен басым түсті.
Осылайша, Эльдар Бірімбай құрлық біріншілігін қола жүлдемен аяқтады. Бұған дейін 54 келіге дейінгі салмақта Еркебұлан Еңсегенов те үздік үштіктен көрінген болатын.