Қазақстан таеквондодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды
Қазақстан құрамасы таеквондодан Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қола медальді Ерасыл Ерзат жеңіп алды.
Ол 48 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға дейін жетті. Бұл кезеңде Аль-Юсуфи Фахадқа жол беріп, жарысты үшінші орынмен аяқтады.
Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 17 сәуірге дейін жалғасады.