logo

Қазақстан таеквондодан БАӘ-де өтіп жатқан турнирде үш медальға ие болды

Қазақстан таеквондодан БАӘ-де өтіп жатқан турнирде үш медальға ие болды

Қазіргі таңда Фуджейрада (БАӘ) таеквондодан ірі халықаралық турнир өтуде, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы бұл жарыста үш медальға ие болды.

Бахадыр Шапулатов (54 келіге дейін), Мақсат Орынбасар (74 келіге дейін) және Нұрлан Мырзабаев (87 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

Айта кетейік, турнирге 50 елдің спортшылары қатысуда.



Күн шежіресі