Қазақстан Түркияда өткен таеквондодан турнирде бес медаль жеңіп алды
Анталья (Түркия) қаласында осы күндері таеквондодан ірі халықаралық Turkiye Open-2026 турнирі өтуде, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан әйелдер құрамасы бес медаль еншіледі.
46 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Айдана Құмартаева күміс жүлдеге ие болып, тұғырдың екінші сатысына көтерілді.
Ал Нодира Ахмедова (53 кг дейін), Айдана Сүндетбай (53 кг дейін), Мария Севостьянова (57 кг дейін), Назым Махмұтова (73 кг дейін) турнирді қола жүлдемен аяқтады.
Жарыстың соңғы күнінде ерлер арасындағы бәсекелер өтеді.