logo

Қазақстандық таеквондошылар Болгариядағы турнирде сынға түседі

Қазақстандық таеквондошылар Болгариядағы турнирде сынға түседі

Қазақстан құрамасы таеквондодан Болгарияның София қаласында өтетін Bulgaria Open-2026 халықаралық турнирінде бақ сынайды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған жарысқа 30-дан астам елден 1 269 спортшы қатысады. Сондай-ақ бұл жарыста Қазақстан құрамасының бірінші нөмірлі таеквондошылары сынға түседі. 

Турнир үш жас санатын — жасөспірімдер, жастар және ересектерді қамтиды. Бұл дода қазақстандық спортшылар үшін 2026 жылғы алғашқы ресми турнир болмақ.

Айта кетейік, турнир 27-28 ақпан аралығында өтеді.



Күн шежіресі