logo

World Boxing бокстан Әлем кубогы: 2026 жылғы кезеңдердің өтетін орны жарияланды

World Boxing бокстан Әлем кубогы: 2026 жылғы кезеңдердің өтетін орны жарияланды

Халықаралық World Boxing федерациясы 2026 жылғы Әлем кубогы кезеңдерінің кестесін жариялады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірінші кезең сәуір айында Бразилияда өтеді. Екінші кезеңді Қытай қабылдайды, ол маусым айына жоспарланған.

Финалдық кезең қараша айында Өзбекстанда өтеді. Дегенмен нақты күні мен жарыс өтетін қала кейінірек жарияланады.

Сондай-ақ, алдын ала жарыс күнтізбесіне жазғы маусымда өтетін U19 жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты енгізілген. Өтетін орны әлі анықталмаған.