logo

Сұлтанбек Айбарұлы бокстан Әлем кубогы кезеңінде топ жарды

Сұлтанбек Айбарұлы бокстан Әлем кубогы кезеңінде топ жарды

Қазақстан құрамасы бокстан Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Әлем кубогының ақтық кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

85 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Сұлтанбек Айбарұлы чемпион атанды.

Финалда отандасымыз Өзбекстан боксшысы Жасурбек Юлдашевты жеңді.

Айта кетейік, бұған дейін 70 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Мұрсал күміс жүлдегер атанған еді.