Әсел Тоқтасын - бокстан әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері
Бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Әсел Тоқтасын Дели (Үндістан) қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының финалдық кезеңін қола медальмен аяқтады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Отандасымыз турнирді 80 келіден жоғары салмақта жартылай финалдан бастады. Әсел бұл кезеңде Өзбекстан өкілі Олтина Сотимбоевамен кездесті.
Жекпе-жек қорытындысы бойынша өзбекстандық боксшы жеңіске жетті. Ал Тоқтасын Әлем кубогын қола медальмен аяқтады.