Армат Арманұлы WBA белдігі үшін титулдық жекпе-жекте қарсыласын анықтады
Қазақстандық жауынгер Армат Арманұлы (5-1-0) мен Қырғызстан өкілі Авзалбек Куранбаев (11-1-1) вакантты WBA ASIA титулының иесін анықтау үшін рингке шығады, деп хабарлайды Sport+.
Жекпе-жек 20 желтоқсан күні Алматыда өтетін RD Promotion бокс кешінің тең негізгі оқиғасы болады.
Бокс кешін тікелей эфирде Sport+ телеарнасы көрсетеді.