Бокстан Әлем кубогының финалдық кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды
Бокстан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Үндістанда өтетін Әлем кубогының финалдық кезеңіне қатысатын спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Ерлер құрамасы:
— 50 келіге дейін: Нұрзат Оңғаров
— 55 келіге дейін: Нұрсұлтан Алтынбек
— 70 келіге дейін — Нұрбек Мұрсал
— 75 келіге дейін: Аман Қонысбеков
— 80 келіге дейін: Санжарәлі Бегалиев
— 85 келіге дейін: Сұлтанбек Айбарұлы
— 90 келіге дейін: Бекзат Таңатар
— 90 келіден жоғары: Даниял Сапарбай
Әйелдер құрамасы:
— 48 келіге дейін: Ақбота Болат
— 51 келіге дейін: Жансая Рахымберді
— 57 келіге дейін: Ұлжан Сәрсенбек
— 80 келіге дейін: Диана Мағауияева
— 80 келіден жоғары: Әсел Тоқтасын
Әлем кубогының финалдық кезеңі 16-20 қараша аралығында өтеді.