Қазақстандық боксшы жасөспірімдер Азиадасында алтын медаль жеңіп алды
Бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Даниял Шалқарбай Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық боксшы 66 келіге дейінгі салмақтың финалына дейін жетті.
Ақтық сында жерлесіміз өзбекстандық Саидхуджа Садиллахуджаевты жеңіп, алтыннан алқа тақты.