logo

Қазақстандық туған апалы-сіңілі жасөспірімдер Азиадасында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық туған апалы-сіңілі жасөспірімдер Азиадасында алтын медаль жеңіп алды

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында бокстан финалдық сайыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жарыста туған апалы-сіңілі — Камила мен Аяулым Оспанова ерекше жетістікке жетті.

Қос аруымыз бір күнде тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.

Аяулым 66 келіге дейінгі салмақта қарсыласынан басым түсіп, жеңімпаз атанды.

Ал Камила 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.



Күн шежіресі