Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді құттықтады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық бокс федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
«Бұл — Геннадий Головкиннің ерен еңбегіне берілген лайықты баға. Даңқты отандасымыз олимпиадалық спорт түрі бойынша халықаралық федерацияны басқаратын Қазақстанның алғашқы өкілі атанды», — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, Геннадий Головкин халықаралық спорт федерациясын басқаратын алғашқы қазақстандық атанды. Өкілеттік мерзімі — үш жыл.
World Boxing басшысын сайлау 23 қарашада осы спорт ұйымының Конгресінде өтті.