logo

Владимир Волков “Барыс” клубымен сынамалық келісімшартқа отырды

Владимир Волков “Барыс” клубымен сынамалық келісімшартқа отырды

Қазақстандық шабуылшы Владимир Волков «Барыс» клубымен екі апталық сынақ келісімшартын жасаспақ, деп хабарлайды Sport+ Шайба.kz сайтына сілтеме жасап. 

Хоккейші 6 тамыз күні Астана қаласына келіп, медициналық тексерістен өтті. Ал 7 тамызда командамен бірге мұзға шығады деп күтілуде.

Еске сала кетейік, Владимир Волков 17 маусым күні ресми түрде «Сарыарқа» командасының ойыншысы атанған болатын. Өткен маусымда 28 жастағы хоккейші «Арлан» сапында өнер көрсетіп, Қазақстан чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды. Ол Pro Hokei Ligasy-ның тұрақты чемпионатында 40 ойын өткізіп, 32 (6+26) ұпай жинады. Сонымен қатар, плей-офф кезеңінде 12 матчта 16 (6+10) ұпайға ие болды.



Күн шежіресі