logo

Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдан басым түсті

Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдан басым түсті

Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарының финалдық кезеңіндегі екінші матчын өткізді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық хоккейшілер мұз айдынында Қытай құрамасымен кездесті. Матч қорытындысы бойынша ұлттық құрама 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, финалдық кезеңдегі үшінші ойында Қазақстан 14 ақпанда Оңтүстік Корея құрамасымен кездеседі.