logo

Роман Старченко Қазақстан құрамасына Кореяны жеңуге көмектесті

Роман Старченко Қазақстан құрамасына Кореяны жеңуге көмектесті

Қазақстанның ерлер хоккей құрамасы Харбиндегі (Қытай) Азия ойындары аясында Оңтүстік Корея командасын жеңді, деп хабарлайды Sport+.

Матч 2:1 есебімен аяқталды. Ойынның аяқталуына 78 секунд қалғанда Қазақстан құрамасының капитаны Роман Старченко жеңіс шайбасын соқты.

Бұл Қазақстан құрамасының негізгі уақыттағы бесінші қатарынан жеңісі болып, команда топтық кезеңді бірінші орынмен аяқтады.

Қазақстан 2:1 Оңтүстік Корея

0:1 – Кан Юн-Сок (Нам Хи-Ду, Ли Чон-Мин) – 11:08 Б

1:1 – Лихотников (Савицкий, Данияр Сам.) – 04:58 Б

2:1 – Старченко (Рымарев, Панюков) – 18:42 Б

Енді Қазақстан құрамасы плей-офф кезеңіне дайындалады. Қарсылас команда әзірге белгісіз.



Күн шежіресі