Қазақстан әйелдер құрамасы Азиадада екінші рет жеңіске жетті

Қысқы Азия ойындарының топтық кезеңінің екінші матчында Қазақстан әйелдер құрамасы Тайланд құрамасын жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Қорытынды есеп 9:0. Қазақстан құрамасының сапында шайбаларды келесі спортшыларымыз лақтырды:
1:0 — 13:03 — Зубкова (Олжабаева)
2:0 — 17:33 — Оразбаева (Молдабай, Тұрсынова) ГБ
3:0 — 29:36 — Филимонова (Шегай, Тұрсынова)
4:0 — 30:35–Зубкова (Олжабаева, Алдабергенова)
5:0 — 31:08–Зубкова (Воронова, Алдабергенова)
6:0 — 50:20–Саяхатқызы М. (Зубкова, Саяхатқызы Д.)
7:0 — 53:42–Шегай (Молдабай)
8:0 — 55:28–Зубкова (Мескини, Саяхатқызы М.)
9:0 — 57:44–Пяткова (Әшімова, Олжабаева) ГБ
Осы жеңістің арқасында Қазақстан құрамасы 2 жеңіспен алдын ала кезең тобында көш бастап тұр. Кеше қазақстандықтар Гонконг құрамасын 12:0 есебімен жеңген еді.
Біздің команда келесі матчын 6 ақпанда Тайвань құрамасына қарсы өткізеді.