Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Жапониядан басым түсті

8 ақпанда Харбинде (Қытай) өтіп жатқан қысқы Азия ойындары аясында шайбалы хоккейден топтық кезеңде Қазақстан құрамасы Жапониямен кездесті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Жапониялықтар бірінші кезеңнің алғашқы минуттарында есепті ашқанмен, Қазақстан құрамасы есепті теңестірді. Нәтижесінде ұлттық құрама 1:4 есебімен Жапониядан басым түсті.
Айта кетейік, 10 ақпанда Қазақстан Оңтүстік Кореяға қарсы ойнайды. Матч Астана уақытымен 9:00-де басталады.