Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия ойындарында үшінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстан әйелдер хоккей құрамасы 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында сәтті өнер көрсетуде, деп хабарлайды Sport+.
Топтық кезеңнің үшінші матчында біздің хоккейшілер Қытай Тайбэй командасын 5:1 есебімен сенімді жеңді. Шайбаларды Лариса Свиридова, Надежда Филимонова (екі рет), Юлия Буторина және Малика Алдабергенова соқты.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы Гонконг пен Тайланд командаларын жеңіп, В тобының турнирлік кестесінде ең жоғары ұпаймен көш бастап келеді.
Келесі матчымыз 9 ақпанда Астана уақытымен 12:30-да Оңтүстік Корея құрамасына қарсы өтеді.