logo

Азия ойындары-2025 плей-офф кезеңінің барлық қатысушылары анықталды

Азия ойындары-2025 плей-офф кезеңінің барлық қатысушылары анықталды

Қысқы Азия ойындарының хоккей турнирінің ширек финалына шыққан барлық командалар белгілі болды, деп хабарлайды Sport+.

Плей-офф кезеңіне «А» тобындағы барлық құрамалар өтті. Бұл топта Қазақстан құрамасы барлық матчта жеңіске жетіп, 41:3 есебімен айқын басымдық көрсетті.

Сонымен қатар, финалдық кезеңге «В» тобынан Қырғызстан және «С» тобынан Гонконг құрамалары өтті.

Ширек финалдық матчтар 11 ақпанда өтеді, ал жартылай финал 13 ақпанда, турнирдің финалдық кездесуі 14 ақпанда ұйымдастырылады.



Күн шежіресі