Қазақстан құрамасы Азия ойындарының ширек финалындағы қарсыласын білді

Ерлер арасындағы Қазақстан хоккей құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарының 1/4 финалындағы қарсыласын анықтады, деп хабарлайды Sport+ Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл ақпарат алдын ала кезеңнің қорытындысы бойынша белгілі болды. Онда Қырғызстан құрамасы овертаймда Гонконг командасын 6:5 есебімен жеңді.
Осылайша, ширек финалда Қазақстан құрамасы Гонконгпен кездеседі. Оңтүстік Корея құрамасы Қырғызстанға қарсы ойнайды. Сонымен қатар, Қытай мен Тайвань, Жапония мен Таиланд ширек финалда өзара күш сынасады. Барлық матчтар 11 ақпанда өтеді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы топтық кезеңде 15 мүмкін ұпайдың 15-ін жинап, A тобында бірінші орын алды. Топтық кезең барысында Қазақстан Таиландты (12:0), Қытайды (6:1), Тайваньды (17:0), Жапонияны (4:1) және Оңтүстік Кореяны (2:1) жеңді. Олег Болякиннің шәкірттері турнирде 41 шайба соғып, небәрі 3 шайба ғана жіберіп, топтың ең нәтижелі командасы атанды.