«Оқжетпес» Қостанайда «Тобылға» есе жіберді (видео)

«Оқжетпес» Қостанайда «Тобылға» есе жіберді (видео)

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 17-туры аясында Көкшетаудың «Оқжетпесі» сырт алаңда «Тобылдан» 1:3 есебімен жеңілді.

Матчтағы есепті 35-минутта пенальтиден Асхат Тағыберген ашты. Екінші таймда алаң иелері басымдықтарын арттырып, 61-минутта Райан Сенхаджи, ал 64-минутта Луис Герра мергендік танып, есепті 3:0-ге жеткізді.

«Оқжетпес» сапынан жалғыз голды 74-минутта пенальтиден Дмитрий Бородин соғып, есеп айырмасын қысқартқанымен, матч тағдырына әсер ете алмады.