Шорт-тректен әлем чемпионаты Астанада өтеді

Шорт-тректен әлем чемпионаты Астанада өтеді

Астанада шорт-тректен Әлем кубогының кезеңі мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport+.

Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының (ISU) ресми күнтізбесіне сәйкес, жасөспірімдер арасындағы әлемдік жарыстар 2027 жылы Қазақстан астанасында ұйымдастырылады.

Әлем кубогының үшінші кезеңі 22–24 қаңтарға, ал әлем чемпионаты 28–31 қаңтарға жоспарланған.

Еске салсақ, 2025 жылы Астана жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының екі кезеңін қабылдаған болатын.

Бұған дейін ISU Қазақстан астанасында мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатын өткізу туралы да шешім қабылдаған еді. Аталған турнир 2027 жылғы 9–14 ақпан аралығында өтеді.