UWW президенті Лалович жұмыс сапарымен Қазақстанға келді

UWW президенті Ненад Лалович ресми сапармен Қазақстанға келді, деп хабарлайды Sport+ Қазақстан күрес федерациясына сілтеме жасап.
ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев пен Қазақстан күрес федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов құрметті қонақты Астана халықаралық әуежайында қарсы алды.
Сапар барысында Лалович Қазақстандағы Жеңіл атлетика спорт кешенін, Жақсылық Үшкемпіров атындағы күрес сарайын аралап, Астанадағы Ұлттық спорт университетінің құрылысымен танысады. Сондай-ақ, Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкинмен кездесу жоспарланған.
Лаловичтің Қазақстанға келуі — отандық күрес спорты үшін маңызды оқиға. Қазіргі уақытта қазақстандық балуандар халықаралық аренада үлкен жетістіктерге жетіп, әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарында жүлде иеленуде.