Ұлттық лига көшбасшыларының шайқасы: «Астана» – «Алматылық легион» матчы тікелей эфирде
Қазақстанның баскетболдан Ұлттық лигасы аясында елорда паркеттің үстінде чемпионаттағы алғашқы екі команда — «Астана» мен «Алматылық легион» өзара кездеседі, деп хабарлайды Sport+.
Рамунас Цвиркастың шәкірттері Ұлттық лигада әзірге жеңіліс көрмей келеді. Ал алматылық ұжым 14 матчта 9 рет жеңіске жеткен, оның ішінде тіркелген 5 жеңілістің екеуі дәл «Астанаға» қарсы ойындарда болған.
Алматыда өткен кездесулерде астаналықтар 106:73 және 92:53 есептерімен басым түсті.
Матчтың басталуы — 20:00. Тікелей трансляция sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.