logo

«Астана» WASL лигасындағы үшінші жеңісіне қол жеткізді (видео)

«Астана» WASL лигасындағы үшінші жеңісіне қол жеткізді (видео)

WASL лигасы аясында «Астана» өз алаңында сириялық «Аль Вахданы» 88:64 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport+.

Кездесудің ең нәтижелі ойыншысы 35 ұпай жинаған Адас Юшкавичюс болды. Роберт Панның еншісінде — 12 ұпай, ал Эрик Дэй мен Александр Жигулин 10 ұпайдан жинады.

Келесі ойынын астаналықтар WASL лигасында да өз алаңында ирандық «Шахрдари Горган» командасына қарсы 15 қаңтар күні өткізеді.



Күн шежіресі