«Астана» Сирия чемпионымен ойнайды: WASL лигасының «Астана» – «Әл-Вахда» матчының тікелей эфирі
WASL лигасы аясында «Астана» баскетбол клубы өз алаңында Сирияның ең атақты клубтарының бірі — «Әл-Вахданы» қабылдайды.
Бұл екі команда арасындағы тарихтағы алғашқы матч болмақ.
Қазіргі таңда турнир кестесінде «Астана» 2 жеңіс және 1 жеңіліспен үшінші орында тұр. Айта кетерлігі, өз алаңында «Саджесс» пен топ көшбасшыларының бірі — «Әл-Рияди» командаларын жеңген.
«Әл-Вахда» бұл маусымда әзірге жеңіске жете алған жоқ: 3 матч — 3 жеңіліс. Дегенмен, әділдік үшін айта кетсек, сириялық клуб Иранның «Горган» командасына қарсы бір ойынға саяси себептерге байланысты бара алмаған.
Лига регламентіне сәйкес, команда құрамында үш легионерді тіркеуге болады. Сириялықтардың ростерінде екі америкалық баскетболшы — Фаландо Кортез Джонс пен Джейм Джастис, сондай-ақ Нигерия өкілі — Принц Оризу бар.
«Астана» — «Әл-Вахда» матчының басталуы 19:30–да.
Ойынның тікелей трансляциясы sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.