«Астана» баскетбол клубының WASL лигасындағы мақсаты белгілі болды
«Астана» баскетбол клубының бас бапкерінің көмекшісі Дайнюс Шаленга Sport+ телеарнасындағы «Открытый разговор» бағдарламасында WASL лигасында команда алдында тұрған міндетті айтып өтті.
«Біз қадам-қадаммен алға жылжимыз, алдағы мақсат — келесі кезеңге шығу. Егер сәл алға қарасақ, ал жалпы әр матчты жеңу керек, тек өз алаңымызда емес, сыртта да. Өз алаңымызда міндетті түрде жеңу қажет, әсіресе турнирлік кестеде жанымызда тұрған командаларға қарсы матчтарда. Әр ойын — бір-бірімізді жақсырақ түсінуге, ойын философиясын бекітуге берілген мүмкіндік» — деді Дайнюс Шаленга.
«Астана» келесі матчын 10 желтоқсан күні «Әль Риади Бейрут» командасына қарсы өткізеді. Бұл ойынды тікелей эфирде Sport+ телеарнасы көрсетеді.