Роберт Пан WASL турниріндегі алғашқы матч туралы: Команданың еңбекқорлығымен мақтанамын
«Астана» баскетбол командасының шабуылшысы Роберт Пан Sport+ Qazaqstan сайтына берген сұхбатында елордалық клубтың жаңа маусымдағы WASL лигасындағы «Шахрадиге» қарсы алғашқы ойыны (75:91) туралы пікірін бөлісті, деп хабарлайды Sport+.
— «Шахрдариға» қарсы ойындағы әсер қандай? Команда ойынынан қандай позитивті жайттарды атап өте аласың?
— Бұл менің WASL лигасындағы алғашқы тәжірибем. Легионерлер мен командалардың деңгейі өте жоғары, әрі жекпе-жек деңгейі де сәл өзгеше. Лимиттер бар, олар жергілікті ойыншыларға өздерін көрсетуге мүмкіндік береді.
Бізге сәл ғана жетпей қалды — соңына дейін күрестік. Айткали жарақат алып шықты, оларды ұстап тұру қиын болды, бірақ соған қарамастан команда соңына дейін күресті. Команданың атқарған жұмысына мақтанамын!
— Төртінші ширекте жарақат алдың. Жарақат қаншалықты ауыр және алаңға қашан ораласың?
— Төртінші кезеңде текетірес болды, соның салдарынан шынтағым мен тіземді соғып алдым. Бірақ бәрі жақсы болады деп ойлаймын, келесі ойынға дайын боламын.
— Алда «Астананың» WASL турниріндегі алғашқы өз алаңындағы ойыны — Ливанның «Саджесс» клубына қарсы матч. Бұл кездесуден не күтесің және қарсыласты зерттеп үлгердіңдер ме?
— Біз үшін бұл — бұған дейін айтылғандай, тарихи матч және үлкен жауапкершілік. Командаға сенемін және әр ойыншы жеңіс үшін өз үлесін қосады деп үміттенемін. Қарсылас мықты — бірнеше ойындарын қарап шықтым. Енді командалық дайындық басталады, онда қарсыласты жан-жақты зерттейміз.
Үйдегі жанкүйерлердің қолдауы бізге жеңіс әкеледі деп сенемін!