logo

«Астана» Астанада өткен екінші ойында «Тобылды» ойсырата жеңді

«Астана» Астанада өткен екінші ойында «Тобылды» ойсырата жеңді

16 желтоқсанда Астанада Қазақстан Республикасының Ұлттық баскетбол лигасының тұрақты чемпионаты аясындағы «Астана» мен «Тобол» командалары арасындағы матч аяқталды, деп хабарлайды Sport+.

Командалар арасындағы алғашқы ойын алаң иелерінің 85:64 есебімен жеңісімен аяқталған болатын.

Екінші ойында елордалық ұжым одан да сенімді жеңіске жетті — 108:67.

Матчтың ең нәтижелі ойыншысы алаң иелерінің қорғаушысы Амирали Сүлейменов болды. Ол 18 ұпай жинап, 4 рет доп қағып алып, 5 нәтижелі пас берді.