«Астана» WASL лигасында екінші орынға көтерілді (видео)
«Астана» баскетбол клубы WASL лигасындағы өз өнерін жалғастырып, Азия баскетболының көшбасшыларының бірі – Бейруттің «Аль Рияди» клубын өз алаңында жеңді.
Матч есебі – 86:72.
Ойынның үздік ойыншысы атанған Роберт Пан 21 ұпай жинап, 9 рет доп қағып алып, 2 паспен көзге түсті. Екінші нәтижелі ойыншы Вадим Щербак болды – 13 ұпай, 2 рет доп қағып алу және 2 пас. Сондай-ақ Александр Жигулин 13 ұпай, 5 рет доп қағып алу және 5 пас жинады.