«Түсімде тамақ жеп қойдым деп... шошып ояндым»: «Alash Pride» лигасының чемпионы Асылжан Таскет салмақ қуу кезіндегі қызықты сәттермен бөлісті

ММА жауынгері, «Alash Pride» лигасының чемпионы Асылжан Таскет Sport+ телеарнасының құрметті қонағы атанып, өзінің өміріндегі күлкілі оқиғасы туралы айтып берді.
«Спортшы үшін ең қиыны — жекпе-жек алдындағы салмақ қуу. Ондай кезде тәтті мен майлы тағам жегің келеді. Қарапайым өмірде бұл жағдай күлкілі көрінуі мүмкін, бірақ салмақ қуып, ұзақ уақыт өзіңе шектеу қойған кезде қалаған тамақты жеу — нағыз арманға айналады. Бір күні түсімде бөлмеге кіріп, тәтті тамақ жеп жатқанымды көрдім. Сол сәтте өзіме: „Есің дұрыс па, ертең салмақ өлшеу ғой?!“ — деп ұрысып, шошып оянып кеттім. Бірақ бәрі түс болып шықты», — деп Асылжан спортшы өміріндегі қызықты сәттер туралы күлкімен айтып берді.
Асылжан Таскетпен толық сұхбатты төмендегі сілтеме арқылы көре аласыз.