Асылжан Таскет: Жоқшылықтан шыққан Конор Макгрегор – нағыз еңбек үлгісі

ММА жауынгері, «Alash Pride» лигасының чемпионы Асылжан Таскет Sport+ телеарнасының құрметті қонағы атанып, үлгі тұтатын әлемнің үздік үш жауынгерін атады.
«Негізі көпшілік Конор Макгрегорды жаман көреді, бірақ спортшы ретінде мен оны қатты құрметтеймін. Себебі ол жоқшылықтан көтерілді. Ондай дәрежеге тек еңбекпен және өз-өзіне деген сеніммен жетуге болады. Бұдан сабақ алуға болады. Екінші орында — Макс Холлоуэй, үшінші — Илия Топурия», — деді Таскет.
Асылжан Таскетпен толық сұхбатты төмендегі сілтеме арқылы көре аласыз.