NAIZA Өскемен қаласында турнир өткізетінін жариялады

Қазақстандық NAIZA лигасы келесі турнирін Өскемен қаласында өткізетінін жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Турнир 27 қыркүйекке жоспарланған.
Кейбір мәліметтерге қарағанда, бұл кеште NAIZA лигасының бұрынғы минимал салмақтағы чемпионы Қазбек Сағын октагонға қайта оралады.