Тимур Серікұлы Naiza Diamond Fight Night турнирі туралы: Маған ең қызығы — Саралапов пен Кеңесбековтің жекпе-жегі

Тимур Серікұлы Naiza Diamond Fight Night турнирі туралы: Маған ең қызығы — Саралапов пен Кеңесбековтің жекпе-жегі

NAIZA лигасының жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Тимур Серікұлы Sport+ сайтына берген сұхбатында Тамирлан Саралапов пен Дулат Кеңесбеков арасындағы жекпе-жекке қатысты пікірін білдірді.

«Naiza Diamond Fight Night турнирінде мен үшін ең қызықты жекпе-жек — Саралапов пен Кеңесбековтің айқасы. Тамирланды жауынгер ретінде жақсы танимын, сондай-ақ Дулат Кеңесбековпен де спарринг өткізгенмін. Бұл жекпе-жекке болжамым — 60/40, басымдық Саралапов жағында. Дегенмен, екі спортшыға да сәттілік тілеймін», — деді Тимур Серікұлы.

Турнир 8 тамыз күні Бейжің қаласында өтеді.



Күн шежіресі