Мейірбек Төлегенов: Гусаров Балғынмен жекпе-жекте тыңырақ болады, бірақ Жеңісұлының тәжірибесі басым
Қазақстандық жауынгер Мейірбек «Мори» Төлегенов Sport+ сайтына берген сұхбатында өзінің NAIZA лигасындағы бұрынғы қарсыласы Валерий Гусаров пен жартылай жеңіл салмақтың чемпионы Балғын Жеңісұлы арасындағы жекпе-жек туралы пікірін білдірді:
«Қызықты жекпе-жек болады. Гусаров 66 келі салмақта тыңырақ әрі мықтырақ болады. Бірақ Балғынның арсеналы кеңірек және чемпиондық жекпе-жектердегі тәжірибесі мол. Ол Нұрбек Қабдрахмановқа қарсы екі ауыр чемпиондық айқас өткізді. Менің бағалауым бойынша, тәжірибесінің арқасында Балғынның мүмкіндігі — 55/45».
Чемпиондық жекпе-жек 8 тамыз күні Қытайда өтетін NAIZA турнирінде ұйымдастырылады.