logo

Тимофей Скатов Үндістандағы «Челленджер» турнирінде жорығын аяқтады

Тимофей Скатов Үндістандағы «Челленджер» турнирінде жорығын аяқтады

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов (АТР 202) Ченнай (Үндістан) қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің ширек финалында өнер көрсетіп, британдық Билли Харриске (АТР 129) жол берді, деп хабарлайды Sport+.

Кездесу Харристің пайдасына 6:3, 7:6 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, бұған дейін Скатов Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, ресейлік теннисші Аслан Карацевті жеңген болатын.