Шымкентте Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық жеңіл атлетика турнирі өтеді: жарыстың трансляциясы

Шымкентте Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық жеңіл атлетика турнирі өтеді: жарыстың трансляциясы

30 маусым күні Шымкентте Гұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық жеңіл атлетика турнирі өтеді.

Qosanov Memorial турнирі World Athletics Continental Tour Bronze Level күнтізбесіне енген және халықаралық маусымның маңызды кезеңдерінің бірі болып саналады.

Биылғы жарысқа 11 елден шамамен 250 спортшы қатысады. Олардың қатарында Қазақстан құрамасының көшбасшы спортшылары да бар. Турнир бағдарламасына 27 жеке жарыс түрі мен 4 эстафеталық сайыс енгізілген.

Жарыс 1 шілдеде аяқталады.

Финалдық жарыстардың тікелей трансляциясын Sport+ телеарнасынан, sportplustv.kz сайтынан, сондай-ақ YouTube-тегі sportplus_qaz арнасынан көруге болады.



Күн шежіресі