Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында сынға түсті

Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында сынға түсті

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жеңіл атлетикадан Гонконгта өткен Азия чемпионатында өнер көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық құрама сары құрлық бәсекесінде 1 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.

Максим Сажнев диск лақтырудан 60,45 метр натижесін тіркеп, алтыннан алқа тақты. Осылайша ол U20 санатында Қазақстан рекордын жаңартты.

Анна Черкашина (сырықпен секіру) және әйелдер құрамасы 4×400 метрлік эстафетада күміс медаль алды.

Ал Мария Щипачева (үш қарғып секіру), Алина Головина (100 м кедергілер арқылы жүгіру), Маргарита Косинова (400 м кедергілер арқылы жүгіру) және Асқар Өмірзақ (онсайыс) қола жүлдеге ие болды.



Күн шежіресі