Көркем гимнастикадан Азия чемпионаты: Қазақстан тағы екі медаль жеңіп алды

Көркем гимнастикадан Азия чемпионаты: Қазақстан тағы екі медаль жеңіп алды

Көркем гимнастикадан Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында жекелей жаттығулардағы финалдық сайыстар басталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы бұл жарыс күнінде екі медаль жеңіп алды. Ақмарал Ерекешева шығыршықпен орындалатын жаттығуда қола жүлдеге ие болды. Ол 28.50 ұпай жинады.

Алтын медаль өзбекстандық Тахмина Икромоваға бұйырды — 29.25 ұпай. Екінші орынды қытайлық Ван Цзылу иеленді — 28.90. Ал Айбота Ертайқызы 28.05 ұпаймен алтыншы орынға тұрақтады.

Топтық жаттығуда бес доппен өнер көрсеткен Қазақстан құрамасы күміс медаль жеңіп алды — 26.30 ұпай. Бұл сында Қытай құрамасы чемпион атанды — 27.95 ұпай. Ал үздік үштікті Оңтүстік Корея түйіндеді — 25.35 ұпай.



Күн шежіресі