Көркем гимнастикадан Бішкектегі Азия чемпионаты: ұлттық құраманың тізімі
Көркем гимнастикадан Бішкек қаласында (Қырғызстан) өтетін 2026 жылғы Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Құрлық біріншілігінде жекелей сында Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы ел намысын қорғайды.
Ал топтық жаттығуларда Айзере Нұрмағамбетова, Айзере Кеңес, Кристина Чепульская, Аида Хәкімжанова, Жасмин Жүнісбаева және Мадина Мырзабай өнер көрсетеді.
Азия чемпионаты 23-26 мамыр аралығында өтеді.