Азия чемпионаты: Қытайда бес қазақстандық жеңіл атлет бақ сынайды

Азия чемпионаты: Қытайда бес қазақстандық жеңіл атлет бақ сынайды

Бүгін, 18 мамырда Қытайдың Чунцин қаласында жеңіл атлетикадан секіру дисциплиналары бойынша алғашқы Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Құрлықтық додада Қазақстан құрамасы сапында бес спортшы сынға түседі:

— Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру)

— Елизавета Матвеева (биіктікке секіру)

— Анастасия Рыпакова (ұзындыққа секіру)

— Мария Ефремова (үш қарғып секіру)

— Полина Иванова (сырықпен секіру)

Чемпионаттың алғашқы жарыс күнінде Елизавета Матвеева, Надежда Дубовицкая және Анастасия Рыпакова өнер көрсетеді.