Жеңіл атлет Иван Иванов Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды
Қазақстан жеңіл атлетикадан Мокпо қаласында (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Шарболат лақтырудан сынға түскен қазақстандық жеңіл атлет Иван Иванов құрлық додасының қола жүлдегері атанды.
Отандасымыз үздік мүмкіндігінде шарболатты 19.41 метрге лақтырды.
Алтын медальді қытайлық Чэнь Хунфэй иеленді — 20.18 метр. Күміс жүлде тағы бір Қытай өкілі Чэнь Чэньгуоға бұйырды — 19.64 метр.