logo

Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді

Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді

27-29 наурыз аралығында «Алматы Арена» спорт кешенінде спорттық жүріс, лақтыру және ұзақ қашықтықтарға жүгіруден Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport+ ҚР Жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған сынға еліміздің өңірлерінен жиналған спортшылардан бөлек, ұлттық құрама үздіктері түгел қатысады. 

Атап айтар болсақ, диск, ядро және найза лақтырудан Евгений Лабутов, Максим Сажнев, Варвара Назарова, Наталья Соколова, Әйгерім Манасбай, Артур Гафнерлер ел чемпионатының жүлдесі үшін жарыс жолына шығады. 

Сондай-ақ, спорттық жүрістен Азия чемпионатының жүлдегері Ясмина Тоқсанбаева, тәжірибелі Галина Якушева, Сабрина Арзиева, Кристина Морозовалар ұлттық біріншіліктің алтынын сарапқа салады. 

Ал тас жолда ұзақ қашықтыққа жүгіруден Диана Айдосова, Ақбілек Құралбай, Виктория Сукачёва, Арина Гладышева, Дарья Миллер, Максим Фроловский, Вадим Левченков, Айбол Омар, Ринат Кулыгин бастаған үздіктер өзара мықтыны анықтайды. 

Қазақстан біріншілігі 27 наурыз күні таңғы саға 09:30-да басталады. Кіру тегін. 



Күн шежіресі