Қазақстан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Қазақстан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында командалық көпсайыста күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жалпы есепке спортшылардың жекелей және топтық жаттығулардағы нәтижелері енгізілді. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 263,65 ұпай жинап, екінші орынға тұрақтады. Бірінші орынды 265,8 ұпаймен Өзбекстан иеленсе, Қытай құрамасы 262,85 ұпаймен қола жүлдеге қол жеткізді.

Еске салайық, Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан турнирде Қазақстан намысын жекелей сында Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы қорғауда. Ал топтық жаттығуларда Айзере Кеңес, Айзере Нұрмағамбетова, Кристина Чепульская, Мадина Мырзабай, Аида Хәкімжанова және Жасмин Жүнісбаева өнер көрсетіп жатыр.



Күн шежіресі