Дзюдодан Эстониядағы European Open турниріне қатысатын қазақстандықтар белгілі болды

Қазақстан құрамасы дзюдодан Эстонияның Таллин қаласында өтетін European Open турниріне қатысады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) мәліметінше, ұлттық құрама сапында сегіз спортшы бар.

Ерлер

60 келіге дейін: Даурен Сүйкенов, Мағжан Алжанов

66 келіге дейін: Табылды Бигамбаев

73 келіге дейін: Ернар Кенесқан, Шахнияз Ағыбаев, Ардақ Сериалы

81 келіге дейін: Оразгелді Оралов

Әйелдер

48 келіге дейін: Сымбат Тағай

Айта кетейік, жарыс 6-7 маусым күндері өтеді.



Күн шежіресі