Елизавета Матвеева — Кипрдегі турнирдің үздіктері қатарында

Елизавета Матвеева — Кипрдегі турнирдің үздіктері қатарында

Қазақстандық спортшы Елизавета Матвеева Лимасол қаласында өткен жеңіл атлетикадан EKO Cyprus International Athletics Meeting халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport+.

World Athletics ұйымының континенттік турының қола санатына кіретін беделді жарыста Матвеева әйелдер арасындағы биіктікке секіру сайысында бақ сынады. Қазақстандық спортшы 185 сантиметр биіктіктегі межені бағындырып, күміс медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ Кристина Овчинникова 180 сантиметр нәтижемен бесінші орынға ие болып, жарыс қорытындысы бойынша үздік бестікке енді.

Айта кетейік, турнир жеңімпазы Кипр өкілі Елена Куличенко атанса, қола жүлдені Грекия спортшысы Панайота Доси иеленді.



Күн шежіресі