Sport+ Хамзин мен Исмагұловтың америкалық лигадағы жекпе-жектерін көрсетеді
Қазақстандық жауынгерлер Флоридаға аттанады — онда 31 қазаннан 1 қарашаға қараған түні KARATE COMBAT 57 турнирі өтеді. Осы турнир аясында бұрынғы UFC жауынгері Дамир «Қазақ» Исмағұлов лигада дебют жасайды.
Оның қарсыласы — бұрынғы Bellator және PFL ұйымдарының жауынгері Тайлер Хилл.
Турнирдің басты жекпе-жегінде тағы бір қазақ спортшысы — Ілияс Хамзин өнер көрсетеді. Ол үш жекпе-жектен кейін титулдық белбеу үшін күресуге мүмкіндік алды. Хамзин 77 кг салмақ дәрежесінде белбеу үшін айқасады.
Оның қарсыласы — Адриан Уэзерсби.
Бүкіл турнирді 1 қараша күні сағат 03:30–да тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан тамашалаңыз.