Азат Мақсұм UFC-дегі үшінші жекпе-жегін өткізді
Қазақстандық жауынгер Азат Мақсұм БАӘ-де өткен UFC турнирінде Митч Рапосоға қарсы жекпе-жекте бірауыздан қабылданған шешіммен жеңілді, деп хабарлайды Sport+.
Үшінші раундта Азаттың торды ұстағаны үшін ұпайы шегерілді — бұл әрекет оған позициясын жақсартуға көмектескен еді.
Рапосо (10-3) екі жеңілістен кейінгі сәтсіз сериясын тоқтатып, UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ал Мақсұм (15-3) қатарынан үшінші рет жеңіліп, оның UFC-дегі көрсеткіші 1-3 болды.